Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № А-3/73 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Б.Маржықпаевқа жүктелсін.
3. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн аяқталған соң, алайда «Автомобиль жолдары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 ақпандағы № 64 қаулысының қолданысқа енгізілгенінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімінің міндетін атқарушы |
Р. Әкімов |
2014 жылғы 5 наурыздағы
№ А-3/73 қаулысымен
бекітілген
«Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердегі жалпы қолданыстағы автомобиль
жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер