Астана қаласында ЭКСПО 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін және Алматы қаласында 28-ші қысқы Дүниежүзілік универсиада 2017-ні дайындау және өткізу кезеңінде қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар әзірлеу үшін ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 1299 Қаулысы
(2014.09.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Астана қаласында ЭКСПО - 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін және Алматы қаласында 28-ші қысқы Дүниежүзілік универсиада - 2017-ні дайындау және өткізу кезеңінде қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар әзірлеу үшін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.