Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру жөніндегі Үйлестіру Кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 632 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру жөніндегі Үйлестіру Кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру Кеңесі) құрылсын.
2. Үйлестіру Кеңесінің жұмыс органы ретінде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі белгіленсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.