(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ М.А. 2010.10.02 № 52 БҰЙРЫҒЫ

«Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін оффшорлық аймақтар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2010 жылғы 10 ақпандағы № 52 бұйрығы

 

Осы редакция 2014 жылғы 10 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы 2009 жылғы 28 тамыздағы Заңының 16-баптың 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс- қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін оффшорлық аймақтар тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетіне:

1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) тиісті мемлекеттік органдарға осы бұйрықтың көшірмесі жіберсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Р.Е. Дәленовке жүктелсін.

4. Осы бұйрық ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министрдің

міндетін атқарушы

 

Р. Дәленов

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы нарығын және қаржы

ұйымдарын реттеу мен қадағалау

агенттігі

Е.Л. Бахмутова

2010 жылғы 26 қаңтар

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің м.а

2010 жылғы 10 ақпандағы

№ 52 бұйрығымен бекітілген

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.