(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ Т...

Предыдущая страница

Өкілдік шығыстарға сонымен қатар:

1) осы Кодекстің 101-бабының 1) тармақшасына сәйкес қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақыға жататын шығыстарды қоспағанда, өкілдік іс-шараларға қатысушы тұлғаларды көлікпен қамтамасыз етуге;

2) өкілдік іс-шараларды өткізу барысында мұндай тұлғаларды тамақтандыруға;

3) ұйымның штатында тұрмайтын аудармашылар көрсететін қызметтерге ақы төлеуге;

4) өкілдік іс-шараларды өткізу үшін үй-жайларды жалдауға және (немесе) ресімдеуге арналған шығыстар да жатады.

2. Шақырылған адамдардың тұруына, мұндай тұлғалар үшін визалар ресімдеуге, бос уақытын, ойын-сауықты, демалысты ұйымдастыруға арналған шығыстар, сондай-ақ осы тармаққа сәйкес өкілдік іс-шараларға қатысушы тұлғаларды көлікпен қамтамасыз ету шығыстарына жатқызылмайтын шығыстар өкілдік шығыстарына кірмейді және шегерімге жатпайды.

Өкілдік іс-шараларға қатысушылардың теміржол, теңіз және әуе көлігімен жүру шығыстары көлікпен қамтамасыз ету шығыстарына жатпайды.

3. Мыналар:

1) салық төлеушінің өкілдік іс-шараны өткізу мақсатын және оны өткізуге жауапты тұлғаларды көрсете отырып, оны өткізу туралы жазбаша бұйрығы немесе жазбаша өкімі;

2) салық төлеуші бекіткен мұндай іс-шараның шығыстар сметасы;

3) жауапты тұлғалардың өткізілген өкілдік іс-шара туралы оның өткізілген күні мен орны, жүргізілген іс-шараның нәтижелері, қатысушылар құрамы, іс-шаралар бағдарламасы, іс жүзінде жүргізілген шығыстар көрсетілген есебі;

4) өкілдік шығыстардың негіздері мен жүзеге асырылуын растайтын бастапқы және өзге де құжаттар өкілдік шығыстардың шегерімін жүзеге асыру үшін негіз болып табылады.

4. Өкілдік шығыстар осы Кодекстің 163-бабының 2-тармағында көрсетілген қызметкерлердің салық салуға жататын табыстары бойынша жұмыс берушінің салық кезеңіндегі шығыстары сомасының 1 пайызынан аспайтын мөлшерде шегерімге жатады.

 

103-бап. Сыйақы бойынша шегерімдер

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы баптың мақсаты үшін мыналар:

1) осы Кодекстің 12-бабында айқындалған сыйақылар;

2) өзара байланысты тараптар арасындағы кредит (қарыз) шарты бойынша тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);

3) өзара байланысты тарапқа берілетін кепілдік үшін төлем сыйақылар деп танылады.

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, шегерімге жатқызылуға тиіс сыйақы сомасы осы Кодекстің 57-бабының 2-тармағына сәйкес есепке жазу әдісімен айқындалады.

Осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-1 және 3-тармақтарына сәйкес шегерімге жатқызылуға тиіс провизиялар (резервтер) құруға құқылы тұлғаға міндеттемелер бойынша төлемдер түріндегі сыйақы:

1) есепті салық кезеңінде және (немесе) есепті салық кезеңінің алдындағы салық кезеңдерінде шығыс деп танылған шығыс сомасының шегінде есепті салық кезеңінде;

2) есепті салық кезеңінде шығыс деп танылған шығыс сомасы шегінде есепті салық кезеңінің алдындағы салық кезеңдерінде нақты төленген мөлшерде шегерімге жатады.

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Сыйақыны шегеру осы баптың 1-1-тармағында белгіленген ережелер ескеріле отырып, мынадай формула бойынша есептелетін сома шегінде жүргізіледі:

(А+Д)+(ЖК/МС)*(ШК)*(Б+В+Г),

мұнда:

А - Б, В, Г, Д көрсеткіштеріне енгізілген сомаларды қоспағанда, сыйақы сомасы;

Б - Д көрсеткішіне енгізілген сомаларды қоспағанда, өзара байланысты тарапқа төленетін сыйақы сомасы;

В - Б көрсеткішіне енгізілген сомаларды қоспағанда, осы Кодекстің 224-бабына сәйкес айқындалатын жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетін сыйақы сомасы;

Г - В көрсеткішіне енгізілген сомаларды қоспағанда, кепілдіктерді, кепілгерлікті немесе қамтамасыз етудің өзге нысанын орындаған жағдайда депозитке немесе қамтамасыз етілген кепілдікке, кепілгерлікке немесе өзара байланысты тараптардың қамтамасыз етуінің өзге нысанына берілген қарыздар бойынша тәуелсіз тарапқа төленетін сыйақы сомасы;

Д - Қазақстан Республикасында құрылған кредиттік серіктестік беретін кредиттер (қарыздар) үшін сыйақы сомасы;

ШК - шекті коэффициент;

ЖК - жеке капиталдың орташа жылдық сомасы;

МС - міндеттемелердің орташа жылдық сомасы.

А, Б, В, Г, Д сомаларын есептеу кезінде құрылысқа алынған және құрылыс кезеңіне есепке жазылған кредит (қарыз) үшін сыйақылар алып тасталады.

Өзара байланысты болып табылмайтын тарап осы баптың мақсаты үшін тәуелсіз тарап деп танылады.

3. Осы баптың 2-тармағының мақсатына орай:

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1)  тармақша өзгертілді  (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) жеке капиталдың орташа жылдық сомасы есепті салық кезеңінің әрбір айының соңындағы жеке капиталдың орташа арифметикалық сомасына тең. Жеке капиталдың орташа жылдық сомасының теріс мәні осы баптың мақсаты үшін нөлге тең деп танылады;

2) міндеттемелердің орташа жылдық сомасы есепті салық кезеңінің әрбір айындағы міндеттемелердің орташа арифметикалық ең көп сомасына тең. Міндеттемелердің орташа жылдық сомасын есептеу кезінде мыналар:

салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;

қызметкерлердің жалақысы және өзге де табыстары;

өзара байланысты тараптан алынатын табыстарды қоспағанда, болашақ кезеңдердің табыстары;

сыйақылар мен комиссиялар;

дивидендтер бойынша есепке жазылған міндеттемелер есеп-қисапқа алынбайды;

3) шекті коэффицент қаржылық ұйымдар үшін - 7-ге, өзге заңды тұлғалар үшін 4-ке тең.

4. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесінің жеке капиталының сомасы осы баптың 2-тармағының мақсатына орай осы тұрақты мекеменің активтері мен міндеттемелері арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Бұл ретте, резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесінің жеке капиталының сомасы осы тармақтың қолданылу мақсатына орай осы тұрақты мекеме оқшауландырылған және жеке заңды тұлға болғандай және өзі тұрақты мекемесі болып табылатын резидент емес заңды тұлғадан тәуелсіз әрекет ететіндей түрде қарастырылады.

 

104-бап. Төленген күмәнді міндеттемелер бойынша шегерім

Егер салық төлеуші бұрын табыс деп танылған күмәнді міндеттемелерді кредит берушіге төлесе, онда жүргізілген төлемнің шамасында шегерім жасауға жол беріледі. Мұндай шегерім төлем жасалған салық кезеңінде бұрын табысқа жатқызылған шама шегінде жүргізіледі.

Осы бапта көзделген шегерімдерге жатқызу тәртібі осы Кодекстің 88-бабына сәйкес бұрын табыс деп танылған міндеттемелерді төлеген жағдайда да қолданылады.

 

105-бап. Күмәнді талаптар бойынша шегерім

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге, сондай-ақ тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету нәтижесінде туындаған талаптар және талаптар туындаған кезден бастап үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар күмәнді талаптар болып танылады. Өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша туындаған және салық төлеуші-дебиторды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да күмәнді талаптар болып танылады.

Осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушілердің 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін аударылған:

1) басқа банктерде орналастырылған корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттер бойынша сыйақыларды;

2) басқа банктер мен клиенттерге берілген кредиттер (қаржы лизингін қоспағанда) бойынша сыйақыларды;

3) құжаттамалық есеп-қисаптар мен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекті;

4) өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктер бойынша шартты міндеттемелерді төлеу жөніндегі талаптары күмәнді талаптар болып танылмайды.

2. Осы Кодекске сәйкес күмәнді деп танылған талаптар шегерімге жатады.

Салық төлеушінің күмәнді талаптарды шегерімге жатқызуы бір мезгілде мынадай талаптар сақталған кезде жүргізіледі:

1) талаптар туындауын растайтын құжаттардың болуы;

2) шегерімдерге жатқызу кезіне бухгалтерлік есепте талаптардың көрсетілуі не осындай талаптарды алдыңғы кезеңдердегі бухгалтерлік есептегі шығыстарға (есептен шығаруға) жатқызу.

2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Дебитор банкрот деп танылған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көрсетiлген құжаттардан басқа, оған қосымша банкроттық рәсімінің аяқталғаны туралы сот ұйғарымы көшiрмесiнiң болуы қажет. Салық төлеушi жоғарыда көрсетiлген шарттар сақталған кезде, банкроттық рәсімінің аяқталғаны туралы сот ұйғарымы күшiне енген салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша күмәндi талаптың сомасын шегерiмге жатқызуға құқылы.

4. Күмәнді талаптар бұрын тауарлар өткізуден, жұмыстар орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыс деп танылған табыстың мөлшері шегінде шегерімге жатқызылады.

 

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 105-1-баппен толықтырылды (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

105-1-бап. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының шегерімдері

1. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымы мынадай есептелген шығыстарды шегерімге жатқызуға құқылы:

1) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдері;

2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қайтаруға жататын (қайтарылған) сатып алу сомалары мен сақтандыру сыйлықақылары (жарналар);

3) қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандырушыға төленуге жататын (төленген) сақтандыру сыйлықақылары (жарналар);

4) осы Кодекстің 106-бабының 2-тармағына сәйкес сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерін құру жөніндегі шығыстар;

5) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру агенттеріне және сақтандыру брокерлеріне төлемдер;

6) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының табыс алуға бағытталған қызметіне байланысты өзге шығыстары.

2. Осы баптың ережелері сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша табыс халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін толық мөлшерде танылған осындай шарттарға қолданылмайды.

3. 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін күшіне енген жинақтаушы сақтандыру, қайта сақтандыру шарты, жинақтаушы емес сақтандыру, өмірді қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жарналары түріндегі табыстар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес, оның ішінде 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін танылатын осындай шарттар бойынша:

1) осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген шығыстарды шегеру мынадай формула бойынша айқындалады:

Р * (А/Б), мұнда:

Р - есепті салық кезеңінде төлеуге жататын (төленген) шығыстар;

А - 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есепті салық кезеңінде шығыстарды есептеу күніне дейін алуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары;

Б - шарттың күшіне енген күнінен бастап есепті салық кезеңінде шығыстарды есептеу күніне дейін алуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары;

2) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген шығыстарды шегеру халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап танылған сақтандыру сыйлықақысы (жарна) түріндегі табыс сомасынан аспауға тиіс.

 

2009.13.02. № 135-ІV ҚР Заңымен 106-бап редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)

106-бап. Резервтік қорларға аударымдар бойынша шегерімдер

2011.21.07 № 467-IV ҚР Заңына сәйкес 1-тармағының қолданысы 2009 ж. 1 қаңтардан бастап 2013 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтата тұру кезеңінде Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады

2009.30.12 № 234-IV Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданыста болады) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банкті қоспағанда, егер осы Кодекстің 90-бабының 2-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, банктердің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес және уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен тәртіппен құрылған провизиялар (резервтер) бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар.

Провизиялар (резервтер) сомасын айқындау кезiнде кепiлдiң және басқа қамтамасыз етудiң құны қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органмен келiсу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекіткен провизиялар (резервтер) құру қағидаларында белгіленген жағдайларда және тәртіппен өздерiне қарсы провизия (резерв) құрылатын активтің, шартты міндеттеменің мөлшерін азайтады.

Кепілдің және басқа қамтамасыз етудің құнын айқындау тәртібін уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.

Осы тармақтың ережелері, өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың мiндеттемелерi бойынша үшiншi тұлғаларға берiлген активтер мен шартты мiндеттемелердi қоспағанда, мынадай активтерге, шартты міндеттемелерге:

1) басқа банктерде орналастырылған корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттерге, сондай-ақ осындай депозиттер бойынша 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есептелген сыйақыларға;

2) басқа банктер мен клиенттерге берілген кредиттерге (қаржы лизингін қоспағанда), сондай-ақ осындай кредиттер бойынша 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есептелген сыйақыларға;

3) құжаттамалық есеп-қисаптар мен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекке;

4) өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктерге қарсы провизиялар (резервтер) бойынша қолданылады.

2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңінде 2008.10.12  № 100-IV ҚР Заңның 63-бабына сәйкес 106-баб 1-1-тармақпен толықтырылды

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)

1-1. 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген және күмәндi және үмiтсiз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша банктердiң талап ету құқықтарын сатып алуға банктiң еншiлес ұйымына берiлген күмәндi және үмiтсiз активтерге қарсы провизияларды (резервтердi) құру шығыстарының сомаларын банктердiң шегеруге құқығы бар.

Бас банктiң күмәндi және үмiтсiз активтерiн сатып алатын еншiлес ұйымды құруға немесе сатып алуға берiлген рұқсаттар тiзбесi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiсiмен айқындалады.

Бұл ретте қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен есептілік туралы заңнамасы талаптарына сәйкес күмәндi және үмiтсiз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын бас банктен сатып алуға бас банктің еншiлес ұйымға берген күмәндi немесе үмiтсiз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасы шегерiмге жатады.

Банктердiң еншiлес ұйымдарға күмәндi және үмiтсiз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға берген активтерiн күмәндi және үмiтсiз активтер санатына жатқызу тәртiбiн, сондай-ақ бас банктердiң еншiлес ұйымдарға берген активтерiне қарсы провизияларды (резервтердi) қалыптастыру тәртiбiн уәкiлеттi органмен келiсе отырып Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.

Екiншi деңгейдегi банктердiң кредиттiк портфельдерiнiң сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретiн акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне тиесiлi ұйымнан сатып алынған күмәндi және үмiтсiз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын банктер шегерiмге жатқызуға құқылы емес.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-2. Акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банктерді қоспағанда, банктердің есепті салық кезеңінің соңында айқындалған серпінді резерв мөлшері мен өткен салық кезеңінің соңында айқындалған серпінді резерв мөлшерінің арасындағы оң айырма сомасын шегеруге құқығы бар.

1-2-тармақтың екінші абзацының қолданылуы 2013 ж. 1 қаңтардан 2015 ж. 1 қаңтарға дейінгі кезеңге тоқтатылды және тоқтатыла тұру кезеңінде бұл абзац 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңның 4-бабының редакциясында қолданылады (бұр.ред.қара)

Динамикалық резервтің мөлшері уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен айқындалады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-3-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 1-3-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-3. Банктік қарыз операцияларын жүргізуге арналған лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың:

1) қаржы лизингін;

2) өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген кредиттерді (қарыздарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес және уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен тәртіппен кредиттерге (қарыздарға) қарсы құрылған провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар.

Провизиялар (резервтер) сомасын айқындау кезiнде кепiлдiң және басқа қамтамасыз етудiң құны қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органмен келiсу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекіткен провизиялар (резервтер) құру қағидаларында белгіленген жағдайларда және тәртіппен өздерiне қарсы провизия (резерв) құрылатын активтің, шартты міндеттеменің мөлшерін азайтады.

Кепілдің және басқа қамтамасыз етудің құнын айқындау тәртібін уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.

2008.10.12  № 100-IV ҚР Заңның 23 бабына сәйкес 106-баптың 2-тармағының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының есепті салық кезеңінің соңында Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша құрылған сақтандыру резервтерінің мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңындағы осындай резервтердің мөлшері арасындағы оң айырма ретінде айқындалған мөлшерде еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтерін құру жөніндегі шығыстардың сомасын шегеруге құқығы бар.

Осы тармақтың ережелері олар бойынша сақтандыру сыйлықақылары түріндегі табыс халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін толық мөлшерде танылған сақтандыру, қайта сақтандыру шарттарына қолданылмайды.

2012.26.11. № 57-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Микроқаржы ұйымдарының өзара байланысты тарапқа не өзара байланысты тараптың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтерін қоспағанда, берілген микрокредиттер бойынша күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстардың сомасын шегеруге құқығы бар.

Берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсіз активтерге жатқызу тәртібін, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру тәртібін уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.

2011.21.07 № 467-IV ҚР Заңына сәйкес 2009 ж. 1 қаңтардан бастап 2013 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтата тұру кезеңінде 4-тармақ аталған Заңның 2-бабының редакциясында қолданылды

2009.30.12 № 234-IV Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07 № 467-IV ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Ұлттық басқарушы холдингтің, сондай-ақ негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз проценті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалардың өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа) қоспағанда, мынадай күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге:

банктерде орналастырылған корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттерге;

банктер мен клиенттерге берілген кредиттерге (қаржы лизингін қоспағанда);

құжаттық есеп-қисаптар мен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекке;

өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктер бойынша шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар.

Провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасының шегерімі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен құрылған провизиялар (резервтер) сомасы шегінде жүзеге асырылады.

Осы тармақта көрсетілген заңды тұлғалардың тізбесін және мұндай тізбені қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Осы тармақтың ережелері осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген салық төлеушілерге қолданылмайды.

 

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 106-1-баппен толықтырылды (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 106-1-бап жаңа редакцияда (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

106-1-бап. Қайта сақтандыру активтерін азайту бойынша шегерім

Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының осы Кодекстің 89-1-бабына сәйкес бұрын табыс деп танылған еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша қайта сақтандыру активтерінің азайтылған сомасын есепті салық кезеңінің соңында Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтерінің мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңындағы осындай активтердің мөлшері арасындағы теріс айырма ретінде айқындалған мөлшерде шегерімге жатқызуға құқығы бар.