Қызметін ауыстырған және жоғарылаған кезде көтерме жәрдемақыға, көліктің жолақысы үшін және жеке мүлкін тасымалдағаны үшін шығындардың орнын толтыруға құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлері лауазымдарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 1179 Қаулысы
(2024.09.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2024.25.07. № 598 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған қызметін ауыстырған және жоғарылаған кезде көтерме жәрдемақыға, көліктің жолақысы үшін және жеке мүлкін тасымалдағаны үшін шығындардың орнын толтыруға құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлері лауазымдарының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.