Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргізу жөнінде банк операцияларын жүргізуге лимиттер белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 тамыздағы № 169 Қаулысы
(2014.21.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 222 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.21.11. № 222 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Екінші деңгейдегі банктер үшін «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Банктер туралы заң) 30-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүзеге асыруға байланысты міндеттемелерінің мөлшері бойынша лимиттер мынадай шектерде белгіленсін:
1) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап:
5 000 000 000 (бес миллиард) теңге - екінші деңгейдегі банктің меншікті капиталының мөлшері 5 000 000 000 (бес миллиард) теңгеден 10 000 000 000 (он миллиард) теңгеге дейін болған жағдайда;
10 000 000 000 (он миллиард) теңге - екінші деңгейдегі банктің меншікті капиталының мөлшері 10 000 000 000 (он миллиард) теңгеден 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңгеге дейін болған жағдайда;
2) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап:
5 000 000 000 (бес миллиард) теңге - екінші деңгейдегі банктің меншікті капиталының мөлшері 5 000 000 000 (бес миллиард) теңгеден 10 000 000 000 (он миллиард) теңгеге дейін болған жағдайда;
10 000 000 000 (он миллиард) теңге - екінші деңгейдегі бнктің меншікті капиталының мөлшері 10 000 000 000 (он миллиард) теңгеден 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңгеге дейін болған жағдайда;
50 000 000 000 (елу миллиард) теңге - екінші деңгейдегі банктің меншікті капиталының мөлшері 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңгеден 50 000 000 000 (елу миллиард) теңгеге дейін болған жағдайда;
3) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап: