«Уәкілетті органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы» № 1-ӘІ есеп нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 7 қазандағы № 109 бұйрығы (2022.05.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Предыдущая страница

кестенің жалғасы

 

«Уәкілетті органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы» № 1- ӘІ есебі

 

5-бөлім. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау жөніндегі жұмысы туралы

1-кесте. Кассациялық сатыда жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау жөніндегі өтініштерді қарау

 

 

«Уәкілетті органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы» № 1- ӘІ есебі

 

5-бөлім. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істерді қарау жөніндегі жұмысы туралы

2-кесте. Соттардың заңды күшіне енген қаулыларына наразылықтары бар істердің қозғалысы

 

 

Кестенің жалғасы

 

Кестенің жалғасы

 

«Уәкілетті органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы» № 1- ӘІ есебі

 

5-бөлім. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау жөніндегі жұмысы туралы

3-кесте. Ұсыныс енгізу туралы өтінішхаттарды қарау

 

 

Кестенің жалғасы

 

«Уәкілетті органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы» № 1- ӘІ есебі

 

5-бөлім. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау жөніндегі жұмысы туралы

4-кесте. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша заңды күшіне енген қаулыларға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының және Қазақстан Респбуликасы Жоғарғы соты алқасы төрағасының ұсынулары бар істердің қозғалысы

 

 

Кестенің жалғасы

 

Кестенің жалғасы

 

«Уәкілетті органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы» № 1- ӘІ есебі

 

5-бөлім. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау жөніндегі жұмысы туралы

5-кесте. Соттылықты айқындау туралы істерді қарау туралы мәліметтер

 

 

ҚР Бас Прокурорының 2022.27.09. № 191 бұйрығымен нұсқаулық жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасының

Бас Прокурорының

2014 жылғы 7 қазандағы

№ 109 бұйрығына 2-қосымша

 

 

«Уәкілетті органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы» №1-ӘІ есепті қалыптастыру жөніндегі
нұсқаулық


1-тарау. Жалпы ережелері

 

1. Осы Нұсқаулық «Уәкілетті органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы» №1-ӘІ есепті (бұдан әрі – есеп) қалыптастыруды нақтылайды.

2. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК) есеп субъектілері әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті мемлекеттік органдар болып табылды (бұдан әрі – әкімшілік практика субъектілері).

3. Есепті қалыптастырудың негізі «Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 85 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20962 болып тіркелген) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғау туралы» 1-ӘЖ нысанды және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің жылжу, қаралу барысы туралы және әкімшілік жазаның орындалу тәртібі туралы» 1-ӘҚ нысанды ақпараттық есепке алу құжаттарының мәліметтері болып табылады.

4. Есеп жинақ есептен, өңірлер, әкімшілік практиканың әр субъектісі бойынша есептерден тұрады.

5. Әкімшілік практиканың субъектілері Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – Комитет), сот органдарының ақпараттық жүйесіндегі мәліметтердің тұтастығын, объективтілігін, нақтылығы мен жеткіліктілігін қамтамасыз етеді.

6. Комитеттің аумақтық органдарының бастықтары жергілікті жерлерде Комитеттің ақпараттық жүйелеріне келіп түсетін мәліметтердің нақтылығын қамтамасыз етеді.

 

 

2-тарау. Есепті қалыптастыру мерзімдері

 

7. Республика бойынша, сондай-ақ өңірлер және әрбір әкімшілік практика субъектісі бойынша жинақ есеп Комитеттің орталық аппаратында ай сайын автоматтандырылған режимде үдемелі қорытындымен қалыптастырылады.

8. Есепті кезеңнің соңғы күнінде сағат 00.00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) Комитеттің ақпараттық жүйелеріне есепке алу құжаттарды түпкілікті жүктегеннен кейін белгілі бір кезеңде қалыптастырылған есепті есептеу жүргізіледі (статистикалық кесім).

Белгілі бір уақыт аралығында қалыптастырылып, бекітілген есеп (статистикалық кесім) түзетілмейді.

№ 1-ӘІ нысанды есеп ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 12-күніне Комитеттің сайтында орналастырылады.

Егер есепті мерзімнің аяқталуы жұмыс күніне келмейтін (демалыс, мереке) болса, онда мерзімнің соңғы күні одан кейінгі бірінші жұмыс күні болып саналады.

 

 

3-тарау. Есептің құрылымы

 

9. Есеп 5 бөлімнен тұрады және Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізіліміндегі әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы тіркелген істер бойынша әкімшілік практика субъектілері қабылдайтын ҚР ӘҚБтК бойынша процестік шешімдерді (есептің 1, 2-бөлімдері), сондай-ақ сот органдарының (есептің 3,4,5-бөлімдері) оларды қарау нәтижелерін көрсетеді.

10. 1-бағанда есепті кезеңде тіркелген әкімшілік құқық бұзушылықтардың саны көрсетіледі.

2-бағанда есепті кезеңде қаралған әкімшілік құқық бұзушылықтардың саны көрсетіледі.

2-бағандағы 3 және 4-бағандарда тиісінше сот, уәкілетті орган қараған істердің саны көрсетіледі.

5-бағанда әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы шығарылған қаулыларға қатысты адамдардың саны көрсетіледі.

6 және 7-бағандарда 5-бағандағы тартылған жеке және заңды тұлғалардың саны көрсетіледі.

8-бағанда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулылар шығарылған істердің саны көрсетіледі.

9-бағанда өндіріп алуды қолдану туралы қаулылар шығарылған істердің саны көрсетіледі.

ҚР ӘҚБтК-нің ведомстволық бағыныстағы баптарының санкцияларына байланысты негізгі және қосымша өндіріп алу шаралары көрсетіледі.

Келесі бағандарда мемлекетке келтірілген залалдың, мемлекеттің мүддесіне өндіріп алынған, тағайындалған және өндіріп алынған айыппұл (теңгеде) сомалары, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша тоқтатылған іс жүргізу бойынша өтелген айыппұл сомасы, ҚР ӘҚБтК-нің 819-бабының 2-бөлігін қолдана отырып қаулылардың саны, мәжбүрлі түрде орындауға жіберілген қаулылардың саны, мәжбүрлі тәртіпте орындалған әкімшілік іс жүргізулердің саны (адамдар) орындалған айыппұлдар бойынша қаулылардың саны, әкімшілік жауаптылыққа тартылған жеке кәсіпкерлердің, кәмелетке толмағандардың (кәмелетке толмағандар туралы істерді қарауға құзыреттілігі болған кезде) және мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының (ҚР ӘҚБтК-нің 30-бабы) саны көрсетіледі.

11. Кестелердің жолдары ҚР ӘҚБтК-де көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтардың тізбесін құрайды.