Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а. 2020 жылғы 10 шілдедегі № 85 бұйрығы
(2025.15.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Бас Прокурорының 2022.30.09. № 195 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 7 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 737-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
ҚР Бас Прокурорының 2022.05.01. № 3 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықтың көшірмесін мәлімет үшін мүдделі мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасы Бас прокуратураcының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және оларға теңестірілген прокурорларға, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.