«Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 85 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 23 ақпандағы № 33 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

 «Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 85 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 23 ақпандағы № 33 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 85 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20962 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

2-тармақта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі (бұдан әрі - ӘІБТ) - әкімшілік құқық бұзушылықтар, оларды жасаған адамдар, олар бойынша қабылданған шешімдер туралы енгізілетін мәліметтер қамтылатын, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық істерін электрондық нысанда жүргізу жүзеге асырылатын ақпараттық жүйе;»;

3) және 4) тармақшаларға орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4-1. Аумақтық ішкі істер органы (полиция) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «Көлік құралдарын басқару құқығынан айыру және жүргізуші куәлігінің қолданысын тоқтата тұру туралы» (бұдан әрі - 2-ҚА нысанды АЕҚ) АЕҚ-ны:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.