Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а. 2020 жылғы 10 шілдедегі № 85 бұйрығы
Осы редакция 2022 жылғы 5 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 737-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» 2017 жылғы 30 маусымдағы Заңының 37-бабы 6) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықтың көшірмесін мәлімет үшін мүделлі мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасы Бас прокуратураcының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және оларға теңестірілген прокурорларға, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.