«Тергеуден немесе соттан жасырынған күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны іздестіруге байланысты жұмсалған сомаларды есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1220 Қаулысы

Тергеуден немесе соттан жасырынған күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны іздестіруге байланысты жұмсалған сомаларды есептеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1220 Қаулысы

 

2014 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 177 және 178-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Тергеуден немесе соттан жасырынған күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны іздестіруге байланысты жұмсалған сомаларды есептеу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 21 қарашадағы

№ 1220 қаулысымен

бекітілген

 

 

Тергеуден немесе соттан жасырынған күдіктіні, айыпталушыны,
сотталушыны іздестіруге байланысты жұмсалған сомаларды есептеу
қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Тергеуден немесе соттан жасырынған күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны іздестіруге байланысты жұмсалған сомаларды есептеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2014 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 177-бабының 9) тармақшасына және 178-бабына сәйкес әзірленді және тергеуден немесе соттан жасырынған күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны іздестіруге байланысты жұмсалған сомаларды есептеу тәртібін айқындайды.

2. Тергеуден немесе соттан жасырынған күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны іздестіруге байланысты процестік шығындар есептеуге жатады және мыналардан:

1) қылмыстық қудалау органының лауазымды адамдарының іздестіру іс-шараларын жүргізу кезіндегі қызметтік іссапарларына арналған шығыстардан;

2) тергеуден немесе соттан жасырынған күдіктінің, айыпталушының, сотталушының ұсталған жерінен қылмыстық жауапқа тарту орнына дейін теміржол, су, автомобиль және әуе көлігімен жол жүру құнынан;

3) ұсталған жерінен қылмыстық жауапқа тарту орнына жеткізу жолында тергеуден немесе соттан жасырынған күдіктінің, айыпталушының, сотталушының тұруы қажет болған жағдайда тәуліктік шығыстардан тұрады.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.