Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 Қаулысы
(2016.28.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 54 Қаулысымен 2017 жылғы 1 маусымнан бастап күші жойылды
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. «Қазақстан қор биржасы» АҚ 2015 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде өзінің ішкі құжаттарын жоғарыда көрсетілген Талаптарға сәйкес келтірсін.
4. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.