Қазақстан Республикасы Тұнғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияны құру туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрiнiң 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 139 бұйрығы
Осы редакция 2014 жылғы 17 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Дарынды балалардың элитарлық білім алуы үшін жағдай жасау мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысымен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшері қағидаларының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның құрамы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.