Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 Қаулысы
(2014.16.10. берілген толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 20 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 24, 248-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 қазандағы № 1005 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 38, 427-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.