Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 552 бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Коса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
2) осы бұйрықты баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми түрде жариялауды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын.
3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қорғаныс министрі | И. Тасмағамбетов |
Қорғаныс министрінің
2014 жылғы 26 қарашадағы
№ 552 бұйрығына қосымша