Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің жұмыс режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 63 бұйрығы
(2025.31.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Энергетика министрінің м.а. 2025.14.04. № 206-н/қ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің жұмыс режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.