Кәсіби өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 14 шілдедегі № 782 бұйрығы
(2025.02.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025.18.08. № 336 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 2 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025.18.08. № 336 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 2 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 52) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025.18.08. № 336 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 2 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса берiлiп отырған Кәсіби өртке қарсы қызметтердiң қызметін жүзеге асыру қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.