Бюджеттік бағдарламалар Әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қазандағы № 59 бұйрығы
(2017.23.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 22 ақпандағы № 68 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 65-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджет саясаты департаменті (В.Р. Хисматулин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.