Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы
(2020.27.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен күші жойылды
Осы Жарлыққа түсіндірмені қараңыз
Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын одан әрі айқындау мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы (бұдан әрі — Стратегия) бекітілсін.
ҚР Президентінің 2018.04.08. № 723 Жарлығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері өз қызметінде Стратегияны басшылыққа алсын және оны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.