Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 наурыздағы № 261 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2005.22.06. № 607 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2014 жылғы 12 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2003 жылғы 23 желтоқсандағы № 1255 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау жөніндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.
2. Қоса берілiп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2005.22.06. № 607 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекiтілсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының