Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1369 қаулысымен бекітілген
Электрондық бақылау құралдарын қолдану қағидалары,
шарттары мен негіздері
1. Жалпы ережелер
1. Осы Электрондық бақылау құралдарын қолдану қағидалары, шарттары мен негіздері (бұдан әрі - Қағидалар) 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі (бұдан әрі - ҚПК) 137-бабының төртінші бөлігіне сәйкес әзірленді және күдіктілерге, айыпталушыларға, сотталушыларға қатысты электрондық бақылау құралдарын қолдану тәртібін, шарттары мен негіздерін айқындайды.
2. Электрондық бақылау құралдарын қолдану түріндегі қосымша шектеу әскери қызметшіні әскери бөлім басшылығының бақылауына беруді және қамақта ұстауды қоспағанда, ҚПК-нің 137-бабында көзделген бұлтартпау шаралары таңдалған адамдарға қатысты пайдаланылуы мүмкін.
3. Электрондық бақылау құралдарын қолдануды, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының жүрген жерін тексеруді және ол туралы ақпарат алуды қылмыстық процесті жүргізетін органның басшысы айқындайтын бөлімше (бұдан әрі - бөлімше) жүзеге асырады.
2. Электрондық бақылау құралдарын қолдану тәртібі
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.