«Отандық тауар өндірушілер өндіретін және олардан сатып алынатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1363 Қаулысы (күші жойылды)

Отандық тауар өндірушілер өндіретін және олардан сатып алынатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1363 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1171 Қаулысымен 2016 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Отандық тауар өндірушілер өндіретін және олардан сатып алынатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесі бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

 2014 жылғы 19 желтоқсандағы

№ 1363 қаулысымен бекітілген

 

 

Отандық тауар өндірушілер өндіретін және олардан
сатып алынатын тауарлардың жекелеген түрлерінің
тізбесі

 

1. Азық-түлік емес тауарлар:

1) үлбірден (табиғи, жасанды) тігілген киімдер және оның керек-жарақтары, үлбірден тігілген бас киімдер;

2) трикотаж өнеркәсібінің өнімдері;

3) тігін бұйымдары, арнайы және нысанды киім-кешектер;

4) аяқ киім;

5) аяқ киімге арналған крем;

6) тұрмыстық, мектеп және кеңсе жиһазы;

7) құрылыс материалдары:

түсқағаз қағазы (түсқағаздар) және басқа да қабырға жабындары;

едендерге төселетін, пештерді қаптайтын тақталар;

кесілген ағаш материалдары;

ағаш бұйымдары;

шыны пакеттер;

санфаянс;

пенопластикалық тақталар;

пластмассадан жасалған құрылыс бұйымдары (есіктер, табалдырықтар, терезелер, жақтаулар, терезе қақпақтары);

табиғи тастан жасалған әрлеу материалдары мен бұйымдары, толтырғыштар, табиғи тастан жасалған жолға төсейтін материалдар (қиыршық тастар, ұсақ тастар, құм-шағылтас қоспасы);

полиэтилен құбырлар;

жылу сақтайтын материалдар;

еден жабуға арналған линолеум және басқа да полимер материалдар;

шегелер;

қыш тақтайша және тақталар;

қыш, силикат әрлеу кірпіштері;

қыш, силикат, күл-қыш кірпіш;

табиғи, кварц құмы;

шыны блоктар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.