Метеорологиялық және гидрологиялық мониторингтерді және қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу жөніндегі мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 143 бұйрығы
(2018.14.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2025 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Энергетика министрінің м.а. 2018.14.05. № 171 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 145-2 бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Метеорологиялық және гидрологиялық мониторингтерін және қоршаған орта жай-күйі мониторингін жүргізу саласында мемлекеттік монополия субьектісі өндіретін және (немесе) іске асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің ұсынылған бағалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялауға бұқаралық ақпарат құралдарына жіберуді және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.