(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГТЕРІН ...

Метеорологиялық және гидрологиялық мониторингтерін және қоршаған орта жай-күйі мониторингін жүргізу саласында мемлекеттік монополия субьектісі өндіретін және (немесе) іске асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 143 бұйрығы

 

Осы редакция 2018 жылғы 14 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 145-2 бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Метеорологиялық және гидрологиялық мониторингтерін және қоршаған орта жай-күйі мониторингін жүргізу саласында мемлекеттік монополия субьектісі өндіретін және (немесе) іске асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің ұсынылған бағалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялауға бұқаралық ақпарат құралдарына жіберуді және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдануын;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев

2014 жылғы 26 қараша

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2014 жылғы 25 қарашадағы

№ 143 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.