Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 121 бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 731 бұйрығымен күші жойылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 160-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесі бекітілсін.
2. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті (Аязбаев Н.А.)
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік органның интернет-ресурсында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Бірінші вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енізіледі.