«Спорт резерві және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдарына қабылдау үшін спорттың түрлері бойынша спортшылардың жас шамасын, сондай-ақ спорт түрлері бойынша спорттық жарыстарға қатысу үшін ең төменгі жас шамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 42 бұйрығы (2026.23.05. берілген өзгерістермен)

Спорт резерві және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдарына қабылдау үшін спорттың түрлері бойынша спортшылардың жас шамасын, сондай-ақ спорт түрлері бойынша спорттық жарыстарға қатысу үшін ең төменгі жас шамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 42 бұйрығы

(2026.23.05. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Туризм және спорт министрінің 2025.16.07. № 133 бұйрығымен (2025 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 2026.30.04. № 78 бұйрығымен (2026 ж. 23 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда

 

ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2023.13.01. № 5 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 32) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Туризм және спорт министрінің 2025.16.07. № 133 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 2026.30.04. № 78 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 23 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес спорт резерві және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдарына қабылдау үшін спорттың түрлері бойынша спортшылардың жас шамасы;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес спорт түрлері бойынша спорттық жарыстарға қатысу үшін ең төменгі жас шамасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.