Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды ағызудың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 123 бұйрығы
(2017.18.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 152 бұйрығымен 2018 жылғы 29 маусымнан бастап күші жойылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды ағызудың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға бұқаралық ақпараттық құралдарына және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесіне жолдануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орныластыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | В. Школьник |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков
2014 жылғы 21 қараша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 13 қарашадағы
№ 123 бұйрығымен
бекітілген
Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің
және сарқынды суларды ағызудың мемлекеттік кадастрын жүргізу
қағидасы
1. Жалпы ережелер