2014 жылға арналған республикалық бюджеттің шығыстарын қысқарту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 1380 Қаулысы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 110-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген, «2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329 қаулысымен орындау үшін қабылданған бюджеттік бағдарламалар бойынша 2014 жылға арналған республикалық бюджеттің шығыстары осы қаулыға қосымшаға сәйкес қысқартылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.