«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңының қолданылуын прокурорлық қадағалау жағдайы туралы» статистикалық есеп нысанын және оны құрастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 18 қарашадағы № 141 бұйрығы (күші жойылды)

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңының қолданылуын прокурорлық қадағалау жағдайы туралы» статистикалық есеп нысанын және оны құрастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 18 қарашадағы № 141 бұйрығы

 

ҚР Бас Прокурорының 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 85 бұйрығымен күші жойылды

 

2014 жылдың 3 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінің және 2014 жылдың 4 шілдесінен бастап Қылмыстық-процестік кодексінің қабылдануына байланысты, «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1)-тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Бекітілсін:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңының қолданылуын прокурорлық қадағалау жағдайы туралы» статистикалық есеп нысаны;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңының қолданылуын прокурорлық қадағалау жағдайы туралы» статистикалық есеп нысанын құрастыру жөніндегі Нұсқаулық.

2. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңының қолданылуын прокурорлық қадағалау жағдайы туралы» статистикалық есеп нысанын және оны құрастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 63 бұйрығының күші жойылған деп танылсын.

3. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты орындау үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының салалық бөлімшелеріне, облыстардың және оларға теңестірілген прокурорларға, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына жолдасын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

5. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.