««Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қолданылуын прокурорлық қадағалау жағдайы туралы» есеп нысанын және оны құрастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 85 бұйрығы (күші жойылды)

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қолданылуын прокурорлық қадағалау жағдайы туралы» есеп нысанын және оны құрастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 85 бұйрығы

 

Прокурорлық есептілік нысандарын есепке алу және автоматтандыруды жетілдіру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 4)-тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Бекітілсін:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қолданылуын прокурорлық қадағалау жағдайы туралы» есеп нысаны;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қолданылуын прокурорлық қадағалау жағдайы туралы» есеп нысанын құрастыру жөніндегі Нұсқаулық.

2. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қолданылуын прокурорлық қадағалау жағдайы туралы» статистикалық есеп нысанын және оны құрастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 18 қарашадағы № 141 бұйрығының күші жойылсын.

3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелеріне, Бас әскери прокуратураға, Бас көлік прокуратурасына, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың прокуратураларына және Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының

2016 жылғы 25 сәуірдегі

№ 85 бұйрығына 1-қосымша

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.