«Қазақстан Республикасының Мектепке дейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 479 бұйрығы

«Қазақстан Республикасының Мектепке дейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 479 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 тіркелген, «Егемен Қазақстан газетінің 2013 жылғы 23 ақпандағы № 74 (28013) сапында жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

«1. Мыналар:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес 1 жастан 5 (6) жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға арналған үлгілік оқу жоспары;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес 5 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балаларды мектепалды даярлау сыныптары мен топтарына арналған үлгілік оқу жоспары бекітілсін;

3) осы бұйрықтың 3-қосымшаға сәйкес мүмкіндіктері шектеулі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту үшін үлгілік оқу жоспары бекітілсін.»;

осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.

2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева):

1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Е.Н. Иманғалиевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2014 жылғы 19 қарашадағы

№ 479 бұйрығына қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.