Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығы
Осы редакция 2014 жылғы 19 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес 1 жастан 5(6) жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға арналған үлгілік оқу жоспары;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес 5 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балаларды мектепалды даярлау сыныптары мен топтарына арналған үлгілік оқу жоспары бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.А. Әбеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.