Сүттілі және сүтті-еттілі бағыттағы ірі қара малдың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына 1-қосымша) (2023.14.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.27.05. № 239 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.28.07. № 277 бұйрығымен (2023 ж. 14 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-қосымша жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2014 жылғы 10 қазандағы

№ 3-3/517 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Өнімділіктің сүтті және сүтті-етті бағыттарындағы ірі қара малды бонитирлеу жөніндегі

нұсқаулық

(2023.14.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Өнімділіктің сүтті және сүтті-етті бағыттарындағы ірі қара малды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және өнімділіктің сүтті және сүтті-етті бағыттарындағы ірі қара малға бонитирлеу жүргізу тәртібін айқындайды.

2. Сүтті және сүтті-етті бағыттарындағы ірі қара малды бонитирлеуді бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.

 

 

2-тарау. Өнімділіктің сүтті және сүтті-етті бағыттарындағы ірі қара малды бонитирлеу жүргізу тәртібі

 

3. Өнімділіктің сүтті және сүтті-етті бағыттарындағы ірі қара малды (бұдан әрі - ІҚМ) жыл бойы бонитирлейді:

1) бұқаларды жылына бір рет;

2) сиырларды сауын маусымы аяқталғаннан кейін;

3) қашарлар мен асыл тұқымды бұқашықтарды алты айлық жастан бастап.

Бонитирлеу нәтижелері бойынша 1 қарашадағы жай-күй бойынша есеп жасалады.

4. ІҚМ бонитирлеу кезінде жануарларды тиiстi сынып бере отырып, шаруашылыққа пайдалы белгілер кешенi (тұқымдылығы, өнiмдiлік сапалары, сыртқы тұрпаттық-бiтiмдiк ерекшелiктерi) бойынша бағалау жүргізіледі.

Бонитирлеу алдында:

1) жануарлардың жеке нөмірлерін тексеру, нақтылау және қалпына келтіру;

2) жануарлардың салмағын өлшеу (таңертең азықтандырылғанға дейін);

3) асыл тұқымдық есепке алу жазбаларын нақтылау.

5. Бонитер-сыныптаушы жануарларды бонитирлеу туралы деректерді селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорына (бұдан әрі - САТЖАҚ ) енгізеді.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.