«Облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақыcының мөлшерлемесін есептеу қағидаcын бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 353 Қаулысы (күші жойылды)

Облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақыcының мөлшерлемесін есептеу қағидаcын бекіту туралы
Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 353 Қаулысы

 

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 147 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 17-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту» туралы қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаcы бекітілсін.

2. Облыс әкімдігінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы № 22 «Коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидасын бекіту туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2700 тіркелген, 2013 жылғы 19 наурыздағы «Атырау» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары А.Т. Әжіғалиеваға жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі

Б. Ізмұхамбетов

 

Атырау облысы әкімдігінің

2014 жылғы 21 қарашадағы

№ 353 қаулысынa қосымша

 

Атырау облысы әкімдігінің

2014 жылғы 21 қарашадағы

№ 353 қаулысымен бекітілген

 

 

Облыстық коммуналдык мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу

қағидаcы

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.