Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 37 бұйрығы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 363 бұйрығымен күші жойылды
«Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.Қ.Жұмағалиевке жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануға және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.