«Баға статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2014 жылғы 13 қарашадағы № 47 бұйрығы (күші жойылды)

Баға статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2014 жылғы 13 қарашадағы № 47 бұйрығы

 

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 137 бұйрығымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 3) және 8) тармақшаларына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағы 9) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) «Заңды тұлғаларға көрсетілген курьерлік қызметтердің тарифтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1931101, индексі 1-тариф (курьер), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

2) «Заңды тұлғаларға көрсетілген курьерлік қызметтердің тарифтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1931101, индексі 1-тариф (курьер), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;

3) «Заңды тұлғаларға көрсетілген пошталық қызметтердің тарифтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1621101, индексі 1-тариф (пошта), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;

4) «Заңды тұлғаларға көрсетілген пошталық қызметтердің тарифтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1621101, индексі 1-тариф (пошта), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.