«Ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 151 бұйрығы (2017.18.04. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 151 бұйрығы

(2017.18.04. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 135 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауға бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесіне жолдануын;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2014 жылғы 27 қарашадағы

№ 151 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу

қағидалары

 

1. Ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 каңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабы 29) тармақшасына сәйкес әзірленді және ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.