Жер-кадастрлық құжаттамалардың құрылымын, құрамын және мазмұнын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 68 бұйрығы
(2015.15.09. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 14-бап 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Ұсынылып отырған Жер-кадастрлық құжаттамалардың құрылымы, құрамы және мазмұны бекітілсін.
2. Экономиканың инфрақұрылымын дамыту департаменті (У.Е.Жазылбек):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын;
2).осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. «Жер-кадастрлық істің құрылымы, құрамы және мазмұны жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2009 жылғы 19 маусымдағы № 103-П бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 46981 тіркелген, 2009 жылғы № 8 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған).
4..Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің вице-министрі Қ.А. Ускенбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.