«Техникалық талаптарды және бақылау-кассалық машиналардың техникалық талаптарға сәйкестілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 636 Бұйрығына өзгертулер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 13 қазандағы № 431 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 645, 651-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Техникалық талаптарды және бақылау-кассалық машиналардың техникалық талаптарға сәйкестілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 636 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5454 болып тіркелген, 2009 жылғы 20 наурыздағы № 42 (1639) «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтағы 1-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ақша есеп айырысу туралы мәліметтерді салық қызметі органдарына беруді қамтамасыз етпейтін техникалық талаптар және бақылау-кассалық машиналардың техникалық талаптарға сәйкестілік нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ақша есеп айырысу туралы мәліметтерді салық қызметі органдарына беруді қамтамасыз ететін техникалық талаптар және бақылау-кассалық машиналардың техникалық талаптарға сәйкестілік нысаны бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық талаптарды және бақылау-кассалық машиналардың техникалық талаптарға сәйкестілік нысанында:
жоғарғы оң жақ бұрышы мына редакцияда мазмұндалсын:
«Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрлігінің
2008 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 636 бұйрығына
1-қосымша»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-ші қосымшаның басталуы мына редакцияда мазмұндалсын: