Техникалық талаптарды және бақылау-кассалық машиналардың техникалық талаптарға сәйкестілік нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 636 бұйрығы
(2015.04.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 651-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің 2014.13.10. № 431 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2015.04.12. № 614 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ақша есеп айырысу туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беруді қамтамасыз етпейтін техникалық талаптар және бақылау-кассалық машиналардың техникалық талаптарға сәйкестілік нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ақша есеп айырысу туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беруді қамтамасыз ететін техникалық талаптар және бақылау-кассалық машиналардың техникалық талаптарға сәйкестілік нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұдан кейін бұқаралық ақпарат құралдарына жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.