«Техникалық талаптарды және бақылау-кассалық машиналардың техникалық талаптарға сәйкестілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 636 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 614 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 651-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Техникалық талаптарды және бақылау-кассалық машиналардың техникалық талаптарға сәйкестілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 636 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5454 болып тіркелген, 2009 жылғы 20 наурыздағы № 42 (1639) «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтын 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ақша есеп айырысу туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беруді қамтамасыз етпейтін техникалық талаптар және бақылау-кассалық машиналардың техникалық талаптарға сәйкестілік нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ақша есеп айырысу туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беруді қамтамасыз ететін техникалық талаптар және бақылау-кассалық машиналардың техникалық талаптарға сәйкестілік нысаны бекітілсін.»;
аталған бұйрыққа 1-қосымша:
маңдайшасы келесі редакцияда баяндалсын:
«Ақша есеп айырысу туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер
органдарына беруді қамтамасыз етпейтін техникалық талаптар және
бақылау-кассалық машиналардың техникалық алаптарға сәйкестілік нысаны»;
реттік нөмірі 15 жол келесі редакцияда баяндалсын:
«