Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығы
(2014.30.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 10 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiн iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мыналарды:
бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасын;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасын;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң құрылымы бекiтiлсiн.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгiнiң және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын.
3. Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті (Ж.Т. Тоқабекова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.