«Кәсіпорындар статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 77 бұйрығы (күші жойылды)

Кәсіпорындар статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 77 бұйрығы

 

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015.06.10. № 151 бұйрығымен күші жойылды

 

 «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 3) және 8) тармақшаларына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағы 9) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) «Жаңа кәсіпорындардың пікіртерімі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1711105, индексі 1-НП, кезеңділігі бір жолғы) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

2) «Жаңа кәсіпорындардың пікіртерімі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1711105, индексі 1-НП, кезеңділігі бір жолғы) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;

3) «Экономикалық қызмет түрлері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1721110, индексі 1-СР, кезеңділігі жылына бір рет) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;

4) «Экономикалық қызмет түрлері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1721110, индексі 1-СР, кезеңділігі жылына бір рет) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;

5) «Шаруа немесе фермер қожалықтарындағы мал мен құстың, ауыл шаруашылығы техникасының және құрылыстардың нақты бары туралы мәліметтер» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1731103, индексі 6-Ж (фермер), кезеңділігі жартыжылдық) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.