«Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға оларды пайдалану үшін ауыл шаруашылық алқаптарын алып қоюмен туындаған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 161 бұйрығы (2024.13.07. берілген өзгерістермен)

Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға оларды пайдалану үшін ауыл шаруашылық алқаптарын алып қоюмен туындаған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу нормативтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 161 бұйрығы

(2024.13.07. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 106-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға оларды пайдалану үшін ауыл шаруашылық алқаптарын алып қоюмен туындаған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу нормативтері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (Қ.Қ. Айтмұхаметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Қ.А. Өскенбаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жapиялaнғaн күнінeн кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2024.26.06. № 220 бұйрығымен нормативтері жаңа редакцияда (2024 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2014 жылғы 23 желтоқсандағы

№ 161 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға оларды пайдалану үшін ауыл шаруашылық алқаптарын алып қоюмен туындаған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу

 нормативтері

 

бір гектарға мың теңге

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.