Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығы
(2024.11.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 84 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.03.02. № 38 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2022.31.03. № 29 бұйрығымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 32-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидалары мен олардың мазмұнына қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджет саясаты департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.