«Жануарларға қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 16-02/701 бұйрығы (2019.17.06. берілген өзгерістермен)

Жануарларға қарау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 16-02/701 бұйрығы

(2019.17.06. берілген өзгерістермен)

 

«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының 46-21) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріп отырған Жануарларға қарау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекші вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы

министрінің

2014 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 16-02/701 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Жануарларға қарау

қағидалары

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.17.06. № 239 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жануарларға қарау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-21) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарларға қарау тәртібін белгілейді.

2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) ауыл шаруашылығы жануарлары - адам өсiретiн, ауыл шаруашылығы өндiрiсiне тiкелей қатысы бар малдардың, құстардың, балықтардың және бал араларының барлық түрi;

2) биостерилизациялау - жануарларды тұқымдану қабілетінен (репродуктивті қабілетінен) хирургиялық жолмен айыру;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.