«Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 588 бұйрығы (2015.02.09. берілген толықтырулармен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 588 бұйрығы

(2015.02.09. берілген толықтырулармен)

 

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 159 бұйрығымен күші жойылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 18-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының кодтары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитетi (Д.Е.Ерғожин):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

ҚР Қаржы министрінің м.а. 2015.16.04. № 273 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2015.02.09. № 461 бұйрығымен (бұр.ред.қара) кодттар өзгертілді

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2014 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 588 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының

кодтары

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.