«Жануарларды өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 16-04/679 бұйрығы

Жануарларды өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 16-04/679 бұйрығы

 

«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 46-16) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған жануарларды өткізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Министрдің

міндетін атқарушы

 

С. Омаров

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.

2014 жылғы 19 желтоқсандағы

№ 16-04/679 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Жануарларды өткізу

қағидалары

 

 

1. Жалпы ережелері

 

1. Осы Жануарларды өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 46-16) тармақшасына сәйкес дайындалған және Қазақстан Республикасы аумағында жеке және заңды тұлғалардың жануарларды өткізу тәртібін анықтайды.

2. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) жануарлар - үй жануарлары мен жабайы жануарлар, сонымен қатар ірі қара мал, қойлар мен ешкілер, шошқалар, жылқылар, түйелер, будандастыру арқылы алынған шатыстар, үй құстары, балықтар, жібек құрттар, аралар және зертханалық жануарлар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.