«Газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде ілеспе газды инвесторларға беру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 162 бұйрығы

Газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде ілеспе газды инвесторларға беру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 162 бұйрығы

 

«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңы 6-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде ілеспе газды инвесторларға беру қағидалары мен шарттары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаментіне:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық құқық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2014 жылғы 28 қарашадағы

№ 162 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде ілеспе газды инвесторларға беру

қағидалары мен шарттары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде ілеспе газды инвесторларға беру қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар) «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.

2. Қағидалар газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде ілеспе газды (бұдан әрі - ілеспе газ) инвесторларға беру тәртібі мен шарттарын айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.